Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Турист» қонақ үйі ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің күзгі жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру.
Жәрмеңкеге жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағада ұсынды. Сатып алушыларға ет, сүт, картоп-көкөніс және бал өнімдері ұсынылды. Халық арасында сұранысқа ие бұл өнімдер қолжетімді бағамен сатылғандықтан, жәрмеңкеге келушілердің қарасы көп болды.