Семей қаласында жыл басынан бері 147 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты

Семей қаласында жыл басынан бері 147 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты

2024 жылдың 10 айында Семей қаласының Кәсіптік бағдар беру орталығына 353 мүгедектігі бар азамат жүгінді. Жүгінген азаматтардың 147-і жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 43 адам, субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарына – 104 адам орналасты.

Абай облысының әкімінің қаулысымен 2024 жылға мүгедек азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 101 кәсіпорында 625 жұмыс орнына квота белгіленді. Осы квота шеңберінде 9 адам жұмысқа орналастырылды.

Семей қаласында мүгедектігі бар азаматтардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, 5 арнайы жұмыс орны құрылды.

Қысқа мерзімді кәсіби оқытумен 4 адам қамтылды, кәсіпкерлік негіздеріне 51 адам оқытылды. 14 адам жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.