
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Водный кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде инфрақұрылымдық мәселелер, соның ішінде ауыз су мәселесі басты назарға алынды.
2023 жылы осы екі кентте су құбыры желілерін салу жұмыстары басталып, жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобада ұзындығы 36 км құрайтын су құбыры желісін тарту көзделген. Нәтижесінде тұрғындар таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, тұрғындар жолдардың жөнделуі, көшелердің жарықтандырылуы сияқты маңызды мәселелерді де көтерді. Қала әкімі барлық сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың ұсыныстары жоспарға енгізілетінін атап өтті.