Менің отаным - Қазақстан

Менің отаным - Қазақстан

25 қазан - еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. Біздің елдің тәуелсіздігі осы күннен басталады, сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.

Осы күні орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана-бөлімшелерінің қызметкерлері түрлі іс-шаралар өткізді, олардың мақсаты адамгершілікті, азаматтықты және патриотизмді қалыптастыру, қазақ халқының тарихи өткеніне қызығушылықты арттыру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру болып табылады.

Атап айтсақ, Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №22 мектеп-лицейінің 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Жұлдыз» клубы аясында «Менің Қазақстаным!» атты мерекелік кеш өткізілді.

Кітапхана қызметкері Республика күні ұлттық, тарихи маңызы бар мереке, бұл елімізді Тәуелсіздікке бастаған мейрам екенін, тәуелсіздікті қаншама қазақтың зиялы қауымы армандағаны тарих беттеріндегі айқын көрініс тапқанын, сонымен қатар, біз өткенімізді ұмытпай, олардың ел үшін деп жасаған әрбір істерін өсіп келе жатқан ұрпаққа айтып, оқытып отыруымыз керектігін атап өтті.

Мерекелік кеш барысында №1 Балалар музыкалық мектептің өнерпаздары  «Үркер» тобы «Жантаза» және «Ерке сылқым» күйін, Бауыржан Әлі өз кезегінде аккордеонмен Татар биі «Бию» орындап, Асқар Талгатов «Қазақтың дастарханы» атты әнін шырқады.

Іс-шара соңында қатысушылар «Атамекен» патриоттық әнін орындап, Отанына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, бүгінгі кештен жақсы әсер алды.

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкері №2 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Қазақстаным -  менің келешегім» атты білгірлер сайысын өткізді.

Білгірлер сайысында «Жаңа толқын» және «Көшбасшы» екі командасы еліміздің басты рәміздері, тарихи даталар, Отан және мемлекеттің маңызды оқиғалары мен белгілі тұлғалар туралы сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан тарихы мен мәдени-рухани саласынан жоғары білімдерін көрсетті.

№6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №8 мектептің 2-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты патриоттық кешін ұйымдастырды.Іс-шарада қатысушылар тәуелсіздігімізді алғаннан бергі еліміздің дамуы мен өркендеу жолында қол жеткізген жетістіктерін біліп, қысқаша бейнефильм көрді.

Цемент кентінің кітапхана-бөлімшесінде Геологиялық барлау колледжі студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың мақтанышы» атты  көрме-викторина өткізілді.Шара қатысушылары кітап көрмесімен танысып, еліміздің тарихы, табиғаты, мәдениеті бойынша викторина сұрақтарына жауап берді.

«Қазақстан - татулық пен бірлік мекені» атты поэтикалық вояж №12 кітапхана-бөлімшесінде №30 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы Қазақстанның құрылуы туралы және Республика Күні мерекесінің тарихы, Қазақстан Тәуелсіз мемлекетінің рәміздері туралы айтып берді.       Поэтикалық вояж жалғасында шара қатысушылары туған жер, ана тілі, еліміздің рәміздері туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, сөзжұмбақты шешуде алғырлықтарын көрсетті.

Іс-шара көңілді, қызықты өтіп, жағымды эмоцияларға толы болды.