2025 жылға арналған арық-науа жүйелерін дайындау жұмыстары басталды

2025 жылға арналған арық-науа  жүйелерін дайындау жұмыстары басталды

2025 жылғы көктемгі кезеңде су басудың алдын алу мақсатында арықтарды тексеру және тазарту жұмыстары басталды.

Семей қаласының әкімі Нурбол Нурсагатовтың жетекшілігімен 2025 жылға арналған тасқын қаупіне дайындық аясында көшпелі кеңес өтті.

Бұған дейін қала басшысы арықтарды тексеру үшін шыққан болатын, бүгін арықтарды тазарту жұмыстарын жеделдету және жұмысшылар санын арттыруды тапсырылды. Мирный ауданында ұзындығы 1100 метр болатын арықтардың жағасын тегіс шифермен нығайту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, «SMART BUILD» ЖШС мердігер ұйымы Шығыс, Мирный, Қызыл Кордон, Қазкрай аудандарында, Жоламан ауылында және Согра саяжай аймағында қамыстарды шабу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы шабылған қамыс аумағы 53,7 га құрайды.

Арық жүйесін тазарту жұмыстары күнделікті жүргізілуде және бақылауда.