29 тамыз - Семей ядролық полигоны жабылған күн

29 тамыз - Семей ядролық полигоны жабылған күн

2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды - Семей полигонының жабылған күні - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады.

1991 жылы 29 тамызда полигонды жабу арқылы Қазақстан өз еркімен әлемдегі ядролық қарудың төртінші арсеналынан бас тартуға қол қойды. Ядролық қару болған жылдар ішінде ядролық сынақтардың барлық азабын бастан кешірген Қазақстан ядролық қаруды таратпау саласындағы барлық негізгі халықаралық шарттар мен институттардың белсенді қатысушысына айналды. 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемелерін бекітіп, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан START-1 шартының Лиссабон хаттамасына қол қойды.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау шаралары «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.