Семейде 100-ден астам сарбаз ант қабылдады

Семейде 100-ден астам сарбаз ант қабылдады

Семей қаласының Орталық алаңында 30217 әскери бөлім сарбаздарының салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.

Әскери өмірге қадам басқан жас буынды айтулы күндерімен Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестіктерін білдіріп, ыстық ықыластарын жеткізді.

«Әр ер-азамат өз Отаны мен отбасының қорғанышы. Әскер темірдей тәртіппен, асқан төзімділікті талап етеді. Жас сарбаздар Отан алдындағы міндеттеріңді абыроймен атқарып, анттарыңа берік болып, ата-аналарыңның үмітін ақтап өздерінің тәрбиелі, білімді қайратты екендеріңді көрсетіп, кейінгі жастарға үлгі болуларыңа және аман-есен елдеріңе оралуларыңа тілектеспін. Осындай ерекше күні жиналған баршаларыңызға бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілеймін. Ел іргесі тыныш, тәуелсіздік тұғыры берік болсын», - деді қала әкімі өзінің құттықтау сөзінде.