Қазақ халқының қадірлі ұлы

Қазақ халқының қадірлі ұлы

 «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ халқының қадірлі ұлы» атты тақырыптық кеш өткізді.

Шараға №36803 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің бастығы Эльмира Отарғажықызы Мағзұмова, Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы басқармасының тәрбие және идеологиялық насихаттау бөлімінің аға офицеры лейтенант Мәди Азаматұлы Азаматов пен Радиотехника және байланыс колледжі студенттері қатысты.

Шара барысында кітапхана қызметкері аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің өмірбаяны туралы тұсаукесер видео көрсетті.

Сонымен қатар ол ержүрек жауынгер ғана емес, шығармашыл адам болғаны, Халық Қаһарманының «Лицом к огню», «Мой передний край», «От огненных лет до суверенной армии», «А в памяти нет тишины» атты естелік кітаптарының авторы екені айтылды.

Іс-шара қатысушылары Сағадат Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізін қалап, Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде тарихта даңқты із қалдырғанын, оның өмір жолы мен жетістіктері Қазақстан жастарын еліне, халқына адал қызмет етуге шабыттандыратынын атап өтті.

Тақырыптық кеш библиографиялық әдебиеттерге шолу жасалып аяқталды.

 

Қалалық орталық кітапхана