Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр

Бүгін Семей қаласындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған шараға облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, әскери қызметшілер, қала тұрғындары қатысты.

Шарада Абай облысы мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының орынбасары Дархан Ажибаев, «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық ұйымының төрағасы Боранбай Бегатов сөз сөйлеп, еске алу шарасының маңыздылығын атап өтті.

Жиналған қауым алдымен ауған соғысында мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтарын қойып, ел үшін жанын қиған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.