«Семей» ФК «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

«Семей» ФК «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Орталық саябақта 30-дан астам шырша көшеттері отырғызылды. Спортшылар семейліктерді қаланы көгалдандыруға шақырды.

Команда қатысушылары акцияға қатысу арқылы болашақ ұрпаққа үлгі көрсетуге болады деп санайды. Өйткені, тазалық – өзімізден басталады.

«Табиғатқа қамқорлық – болашақ ұрпақ үшін. Және әрқайсымыз мамандығымызға немесе мәртебемізге қарамастан, осы маңызды жұмысқа өз үлесімізді қосуымыз керек. Әрбір отырғызылған көшет табиғатты сақтау үшін қажет. Сонымен қатар, үлкен өзгерістерге шағын қадам", - деді команда капитаны Шыңғыс Есенаманов.

Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиясын жақсарту ісінде ел халқын біріктіру.