Семейде 1000 -нан аса жас көшеттер отырғызылды

Семейде 1000 -нан аса жас көшеттер отырғызылды

«Таза Қазақстан» экологиялық айлық шеңберінде «Жасыл аймақ» қала аумағының бірнеше учаскесінде 1000 дана жасыл көшеттер отырғызылды. Атап айтқанда, үйеңгі тал, емен алма ағашы, шырша, бөртегүл, бөріқарақат, майқарағай және т.б ағаш түрлері отырғызылды.

​Аталған іс-шараға қаланың 300-ден астам белсенді азаматтары, оның ішінде мәслихат депутаттары мен Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен «Елім-ай» футбол командасы Орталық саябаққа көшет отырғызу шарасына қатысты.

Сондай-ақ, сенбілікте күні бойы ән шырқалып, ыстық тамақ және сусындар таратылып, мерекелік концерт те өтті.Бұдан бөлек, әртүрлі аудандарда қала әкімінің қатысуымен сенбіліктер өтті.

«Тұтас ел көлемінде кең қолдауға ие болған «Таза Қазақстан» - экологиялық акциясы шеңберінде, облысымызда ерекше маңызы бар шара өтуде. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асқан бұл акцияның арқасында қаламыз жаңа кейіпке еніп келеді. Сенбілікке қатысып жатқан барша жерлестеріме алғысымды білдіремін,- деді қала әкімі.