Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қазіргі таңда Бобровка кентіндегі Центральная көшесінде асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмыстары аяқталып, негізгі жұмыстар басталды. Ұшақтар кетіндегі №10 переулок Юности, Автодорожная, Тоқжігітов кешелерін асфальттау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Карменов көшесіндегі съездерді асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Карменов және Бобровка кентіндегі Центральная көшесіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады. Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда. Күрделі жөндеуден өткен барлық көшелерге жол белгілері қойылып, жолтаңбалары(разметка) сызылады.

Айта кетейік, биыл Семейде жалпы ұзындғы 36 км болатын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.