Семей қаласының оқушылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызды

Семей қаласының оқушылары «Таза Қазақстан» акциясы  аясында ағаш отырғызды

Семей қаласында «Таза Қазақстан» акциясына тек ересектер ғана емес, мектеп оқушылары да атсалысып, өздерінің еңбекқорлығы мен туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетуде.

Экологиялық мәдениетке, туған жерді көгалдандыруға деген ұмтылыстарын мектеп оқушылары мен мұғалімдер сөзбен емес іспен көрсетті.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында қала мектептерінің барлық сыныптарында түрлі форматта «Қымбатты Семейім» атты экосағаты өткізілді. Практикалық сабақ барысында оқушылар көшет отырғызды.

Сондай-ақ, Семей қаласының барлық мектептері мен балабақшалары өздерінің оқу орындарының жанына көшет отырғызып экологиялық акцияны жалғастырды. Оған 5600-ге жуық оқушы мен 250 мұғалім қатысты. Барлығы 150 түп шырша мен қарағай көшеттері отырғызылды.