Сенбіліктегі ең үздік селфи конкурсын жариялаймыз

Сенбіліктегі ең үздік селфи конкурсын жариялаймыз

Сенбіліктегі креативті және қызықты фотосуреттермен #ТазаСемей2024 хэштегі арқылы бөлісіңіздер! Байқауға қаланың барлық мекемелері, кәсіпорындары, сондай-ақ кез келген жастағы қала тұрғындары қатыса алады.

Мақсаты: жасөспірімдерді, жастарды, ұйымдарды әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту; қала аулаларын, саябақтарын, көшелерін санитарлық тазалау.

Конкурсқа қатысу үшін :

1. Сенбілік қатысушысының селфи суреті ( сыпырғыштар , жұмыс киімі және т.б.).

2. Осы тақырыптағы суретті Instagram желісінде өз аккаунтында және сторисқа жариялау.

3. @semey_akimdigi парақшасын белгілеу.

Фотосуреттерге қойылатын талаптар:

1.Фотосурет сапалы болуы керек.

2. Суретте тек конкурсқа қатысушы немесе ұжым болуы тиіс.

Әр апта сайын @semey_akimdigi парақшасында үздік суреттерді жариялаймыз.

Байқау соңында жеңімпаздар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.