Семейде шетелдік студенттер «Таза Қазақстан» акциясын қолдау білдірді

Семейде шетелдік студенттер «Таза Қазақстан» акциясын қолдау білдірді

Семей медициналық университетінің Үндістан мен Пәкістаннан келген студенттеріде шет қалмай, Қазақстанның өміріне араласуды, сондай-ақ аумақты тазартуға қатысуды ұйғарды. Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша оқушылар тазалық жұмыстарынан кейін бірнеше крикет ойынын ойнады.

Семей медицина университетінің ректоры Алтай Дюсупов атап өткендей, университет 25 жылға жуық шетелдік студенттерді қабылдап келеді. Осы жылдар ішінде мыңдаған шетелдіктер осы альма-матерде білім алды.

— Бүгін Семей медициналық университетінің шетелдік студенттері «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетіп, Бейбітшілік аралының аумағын тазалауға атсалысуды ұйғарды. Студенттер бірден екі тапсырманы орындайды деп айтуға болады: олар қоқыстарды алып тастайды және өздерінің сүйікті крикет ойыны үшін жерді тазартады. Жалпы, біздің университетке 25 жылдай шетелдік студенттер келіп жатқанын және олардың көпшілігі үшін Семейдің отанына айналғанын атап өткім келеді», - деді Алтай Дюсупов.

«Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенті Махендра Хатри «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсету Қазақстан халқымен ынтымақтың белгісі екенін атап өтті.

— Біз, шетелдік студенттер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін және оның «Таза Қазақстан» акциясын өткізу туралы бастамасын қолдайтынымызды айтқым келеді. Қазір бәріміз бос уақытымызда жиі келетін аралдағы аумақты тазалауға кірістік. Осы арқылы біз Қазақстан халқымен ынтымақтастығымызды көрсеткіміз келеді. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Мори де осындай бастама көтерді, сондықтан біз үшін бұл Қазақстанға көмектесу үшін қосымша ынталандыру», - деп бөлісті студент.

Семей қаласының медицина университетінің 4-курс студенті Рупендра Раджпурохит та шетелдік студенттер Қазақстан азаматтарымен бірдей жеңілдіктерге ие болып отырғанын, сондықтан қала тазалығы мен тәртібін сақтауды өздерінің парызы санайтынын жеткізді.

— «Таза Қазақстан» акциясы шетелдік студенттердің жүрегінен орын тапты. Отанымызға оралғаннан кейін біз Қазақстанға баратындардың барлығына мұнда қандай ұлттық іс-шаралар өткізіліп жатқанын міндетті түрде айтып, тазалық пен тәртіпті сақтауға кеңес береміз», - деп түйіндеді сөзін Рупендра Раджпурохит.