Бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген қоғамдық кеңістіктерге, Workout алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген қоғамдық кеңістіктерге, Workout алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Биыл алғаш рет Семей қаласының ТКШ бөлімі бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген спорт алаңдары бар қоғамдық кеңістіктерді ағымдағы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындауға конкурс жариялады.

Конкурс қорытындысы бойынша "Амиржан Компаний" ЖШС мердігер ұйымымен спорт алаңдары мен шағын архитектуралық нысандарды ағымдағы жөндеуге және қалпына келтіруге шарт жасалды. Қазіргі таңда қаланың әртүрлі бөліктеріндегі алаңдарда элементтерді дәнекерлеу, бояу, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, ағымдағы жөндеу жұмыстары үш жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген нысандарда жүргізіледі. 2022-2023 жылдары пайдалануға берілген алаңдар кепілдік шартқа сәйкес мердігерлердің қаражаты есебінен қалпына келтірілетін болады.