Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш және жаңадан кірген мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмысын жүргізу

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш және жаңадан кірген мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмысын жүргізу

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде әдеп жөніндегі уәкіл С. М. Азбергенов мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет және жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары, жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілер өрескел, ар-намысты қорлау, әдепсіздік және жөнсіз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Мінез-құлықтың негізгі ережелері қаралған және мемлекеттік қызметшілердің практикасында неғұрлым кең таралған әдепсіз мінез-құлық фактілері келтірілген ахуалдық мысалдар негізінде қысқаша нұсқаулық ұсынылды.

Бұдан әрі қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру қажеттігі туралы айтылды. Мемлекеттік қызметші жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға тиіс.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшінің имиджіне қойылатын талаптар бойынша ұсыныстар берді. Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы оның қызметінде маңызды рөл атқарады, оның әріптестерімен және азаматтармен өзін қалай ұстайтынына тұтастай алғанда мемлекеттің имиджі байланысты болады.

Қорытындыда мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда әдеп жөніндегі уәкілге жүгіну ұсынылды.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл                                                         С. Азбергенов