Ұлықбек Есдәулеттің өлеңдері

Ұлықбек Есдәулеттің өлеңдері

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері «Көздеріне ғашықпын» кітабына 50 жыл толуына арналған «Ұлықбек Есдәулеттің өлеңдері» атты поэзия сағатын өткізді.

Іс-шараға М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұстазы Шолпан Айкебаеваның жетекшілігімен  ақындар үйірмесінің мүшелері Еркежан Серікқызы, Мерейлім Қазақбаева, Ақтоты Сыдықова және №21 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Думан Қайроллаев пен Көлік колледжі студенттері  қатысты.

Мақсаты: Ұлықбек Есдәулетовтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру, насихаттау. Өлеңдері арқылы адамгершілікке, сұлулыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы ақын Ұлықбек Есдәулетовтің шығармашылығы қазақ лирикасы жанрына зор үлес қосып келе жатқан ерекше құбылыс екенін,  әр елдің поэзия білгірлері оның өлеңдерінің орыс, болгар, түрік, хинди, украин, белорус, латыш тілдеріне аудармаларынан білетіні, сонымен қатар «Семей - Невада» халықаралық антиядролық қозғалысының әнұранына айналған әйгілі «Заманай» әнінің авторы екенін атап өтті.

Поэзия сағаты жалғасында ақының шығармашылығынан сыр шертетін арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіліп, «Көздеріңе ғашықпын» атты жыр жинағы таныстырылды.

Ұлықбек Есдәулеттің «Көздеріңе ғашықпын»  кітабына ғашық ғұмыр, табиғат пен махаббат туралы лирикалық жыр толғамдары  енгізілген.

Іс-шара қатысушылары Еркежан Серікқызы Мерейлім Қазақбаева, Ақтоты Сыдықова автордың таңдамалы лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар №21 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Думан Қайроллаев ақынға арнаған шығармасын оқыды.

Қатысушылар шара соңында Ұлықбек Есдәулетовтың шығармашылығына арналған «Ғашық ғұмыр» кітап көрмесімен танысты.