Дезинсекциялық жұмыстарға арналған болжамды орындарға тексеру жүргізілді

Дезинсекциялық жұмыстарға арналған болжамды орындарға тексеру жүргізілді

15 сәуір күні Семей қаласында Бейбітшілік аралы мен Ескі бекініс ауданындағы өзендерде "BiofarmKz”ЖШС мердігер ұйымы зиянкестерге қарсы дезинсекциялау жұмыстарына арналған болжамды орындарға тексеру жұмыстарын жүргізді. Арнайы химиялық заттардың көмегімен 1,2 сатыдағы масалардың ұяларын жою үшін дернәсілдерді анықтау жұмыстары жүргізілді.

Негізгі жұмыс қолайлы ауа райы кезінде көлшіктерде дернәсілдердің пайда болған күндері өтеді деп жоспарланып отыр.

Жалпы дизенсекция иесіз су қоймалары мен таяз суларда жүргізіледі. Өңделетін жалпы аумақ қала бойынша 500 гектар.

Сондай-ақ, Семей қаласында көп пәтерлі тұрғын үйдің жертөлелерінде кеміргіштерге арналған дезинфекция және дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр.