Семейде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді

Семейде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді

2024 жылғы 15 сәуірден бастап Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші кесте бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұрын кезекші кесте бойынша Папанин к-сі, 34А мекенжайындағы №3 ХҚКО жұмыс істеген болатын. Қазір ол әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ, әдеттегі ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Семей қаласының тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығына «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы алдын ала тапсырыс бере алады.