Биыл дәрігерлер мен құтқарушылар саябағы қолданысқа беріледі

Биыл дәрігерлер мен құтқарушылар саябағы қолданысқа беріледі

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов биыл пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді. Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп №1 аурухана жаныңда дәрігерлер саябағы мен сол жағалауда құтқарушыларға арналған саябақ салу жұмыстары бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Айта кетейік, биыл Семейде қаланың орталығында да, шетінде де бірнеше қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда.Қазіргі таңда қоғамдық кеңістікттердің эскиздік сызбалары дайындалу үстінде.

Саябақтарда спорт алаңдары мен демалыс орындарын жайластыру көзделген. Сондай-ақ, тақырыпқа сай шағын архитектуралық нысандар орнатылатын болады. Қураған ағаштарды ішінара кесу, көп жылдық гүлдер мен бір жылдық гүлдерді егу жұмыстары қамтылады.