Мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 26 наурызында  Әдеп жөніндегі уәкіл Азбергенов С.М. мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың талаптары мен нормаларын сақтау туралы.

Әдеп жөніндегі уәкіл еңбек заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез құлық ережелерін сақтау мәселелеріне нақтылау тоқталды.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты тыйым салулар мен шектеулерді бұзу, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, сыйлықтар мен басқа да игіліктерді алуға тыйым салу, сондай-ақ заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу салдары түсіндірілді.

Әңгіме соңында Сержан Мұхтарұлы әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшінің де, жалпы мемлекеттік қызметтің де беделін түсіретін фотосуреттер, бейнелер, аудиоматериалдар, пікірлер жарияламау керектігін атап өтті.

 

Әдеп жөніндегі уәкілі                                                                       С. Азбергенов