Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі консультативтік-кеңесші органның отырысын өткізді

2024 жылдың 29 наурызында құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай – ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Абай облысы үкімдерінің орындалу заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының, әкімдіктің дербес бөлімдерінің, мансап орталығының, Абай облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйелері департаментінің № 19, № 20, № 21 мекемелерінің, Семей қаласының Затон, Орталық, Әуезов аудандарының пробация қызметінің  Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің, «Әлем-СПАС» "Қайырымдылық қоры" қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес қаланың пробация қызметі мен ішкі істер органдарының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен бірлескен жұмысы туралы Семей қаласының Орталық, Әуезов, Затон ауданының пробация қызметі басшылары, Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы сөз сөйледі.

 № 19, № 20, № 21 мекемелерінде Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шараларды өткізу туралы Абай облысы Семей қаласының білім бөлімінің басшысы, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысушыларды ақпараттандырды.

Отырыс қорытындысымен тиісті хаттамалар дайындалады.