Қала әкімі мәслихат депутаттары алдында есеп берді

Қала әкімі мәслихат депутаттары алдында есеп берді

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар алдында өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларының орындалуы жөнінде есеп берді.

Биылғы жылдың 3 айында және 2023 жылы атқарылған жұмыстарды баяндаған қала басшысы, барлық салаларда оң даму динамикасы сақталғанын жеткізді.