Бұл Семей қаласындағы алғашқы қабырға суреті емес. Бұдан бөлек осы жылы 8 көпқабатты үйдің қабырғалары мен жер асты өткелдеріне муралдар салынды. Суреттер қаланың сыртқы келбетіне ерекше әсер қосады.
Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен Народная 33 мекенжайындағы 9 қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың суретін салу шешімі шығарылған болатын.
Эскиз авторы – Шалқар Ақанов, ал суретті салуға алматылық мердігер ұйым тартылды.
Тұрғын үй қатынастары және ұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша, муралды салу жұмыстары қазан айының алғашқы жартысында толығымен аяқталады.