2023 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де "Арбат" алаңында жұмыссыз азаматтарға, NEET санатындағы жастарға және оқу орындарының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге қатысушыларға қаланың 100-ден астам кәсіпорнынан 600-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады.
Жәрмеңкені өткізудің мақсаты - оқушы жастарды жұмыспен қамтуға, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімімен таныстыру; еңбек нарығы туралы; қызметкерлерге мұқтаж кәсіпорындар туралы; жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы барынша толық ақпарат беру.
Сондай-ақ, жұмыс іздеушілерге әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобалары, өз ісін жүзеге асыруға гранттар, кәсіптік оқыту курстары ұсынылады.