
«Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ге қарасты «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Тәуелсіздік нышандары» атты ақпарат сағатын өткізді.
Іс-шараға Абай өңірлік әскери полиция басқармасының қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының әдіскері Қайсар Беделхан, 018 KZ ақпараттық портал журналисті Айдынова Наргиз Айдынқызы, Семей қаласының мәдени-бос уақыт орталығының өнерпаздары және Көлік колледж студенттері қатысты.
Мерекелік шара Мемлекеттік әнұранмен басталып, кітапхана қызметкері егемендігіміздің берік негізі - Мемлекеттік рәміздер туралы айтып өтті. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері барша қазақ халқының мәртебесін асқақтатып, әрбір азаматқа ұлттық рух пен күш-қайратын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігін жеткізді. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтата отырып елдікке шақыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, Отанды, жерді сүюге жетелейтін тәуелсіздік пен егемендіктің бірегей белгілері болып саналады деп айтып өтті.
Шараның жалғасын полиция капитаны Амангелді Сымбат Бектұрұлы сөз кезегінде егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, қастерлей білу біздің борышымыз дей отырып, елдігімізді айшықтайтын басты рәміздеріміз жарқырай берсін деген салиқалы сөздерімен аяқтап, шара соңында патриоттық әндер шырқалды.