«Санаторий-курорттық емделуге қажеттілік туралы қорытынды беру» қызметінің көмегімен қазақстандықтар санаторий-курорттық емделуге қорытынды алу үшін электрондық өтінім бере алады. Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшірмесі болуы қажет.
Қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжаттың 069/у нысаны бойынша берілген санаторий-курорттық карта немесе электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Санаторий-курорттық емдеу мамандандырылған мекемелерде көрсетілетін және минералды сулар, емдік балшық, термалды бұлақтар және т. б. сияқты санаторий-курорттық аймақтың табиғи факторларына негізделген кешенді емдеу-профилактикалық көмекті қамтиды.
«Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту» мемлекеттік қызметін мынадай тұлғалар топтары пайдалана алады:
- дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;
- қызмет көрсету саласының қызметкерлері (моншалар, душ, сауналар, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау), бассейндер мен су емханаларының, балшықпен емдеу мекемелерінің, спорттық-сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері;
- қан қызметі ұйымдарының медициналық персоналы, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері және медицина қызметкерлері;
-мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, жыл бойы балалар санаторийлік сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасылық үлгідегі үйлердің қызметкерлері;
- жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының (теміржол вокзалдарының, аэровокзалдардың, әуежайлардың, теңіз және өзен вокзалдарының, автовокзалдардың, метрополитендердің)қызметкерлері;
- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;
- жалпы білім беретін мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері және оқуға түсушілер және т. б.
Қызмет көрсету нәтижесі №075-у нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды) не электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болады.
Өтінімді өңдеу туралы хабарлама eGov.kz порталындағы жеке кабинетте 30 минут ішінде пайда болады.
Қызметтер eGov.kz порталында «Азаматтарға» - «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімінде қолжетімді. Ұқсас қызметтер Egov Mobile қосымшасында «Денсаулық сақтау» бөлімінде де бар.
Қызметтер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.