
Бүгін қалалық мәлениет сарайында «Семей» мәдени-бос уақыт орталығының» ұйымдастыруымен, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған “Наурыз аруы” атты қалалық байқауы өткізілді. Аталған байқауға қала колледждерінде оқитын әр-түрлі ұлт өкілдері қатысып, өздерінің қазақ тілін қаншалықты білетінін сайыс барысында көрсетті. Шара соңында “Наурыз аруы” жеңімпазы анықталып, барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтармен арнайы дипломдар, берілді.