Журналист. Әдебиеттанушы. Ақын.

Журналист. Әдебиеттанушы. Ақын.

«Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ге қарасты «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері Сейітмұхамет Тәбәрікұлының 95 жылдығына арналған «Журналист. Әдебиеттанушы. Ақын» атты  еске алу кешін өткізді.

Іс-шараға  Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Садырбаев Айдар, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы және зейнеткер ұстаз Көппаев Серікбол, Роза Байгутова, «Түрксіб-Семей» мұражайының директоры Мақсұт Көшжанұлы, журналист Мейрамгүл Иманақышева, Сейітмұхамет Тәбәрікұлының ұлы Талғат Сейітмұхаметұлы мен шөберелері қатысты.

Кеш барысында ұстаз, көрнекті қоғам қайраткері С.Тәбәрікұлы туралы естеліктерімен бөліскен қонақтар, оның қарапайым халық арасынан шыққанын және ұрпақ үшін көп еңбек сіңіргенін, туған өлке тарихынан қызық деректерді белсенді түрде зерттеп, артында бай мәдени мұра қалдырғанын айтты.

Шара қатысушылары С.Тәбәрікұлының Алашорда қайраткерлері мен Абай өмірі туралы көп жазғанын, оның «Қайран Мәннан», «Замана ағысы», «Жүрек сөйлейді», «Алаштың алтын көпірлері», «Кәмила Мұхтар жұмбағы» сияқты шығармаларын оқырмандар жылы қабылдағанын білді.

Іс-шарада Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының әртісі Ташимбетов Айтбек Тазабекұлы ақынның әндерін  орындады.

Шара С.Тәбәрікұлының кітаптары үлкен құндылық, рухани мұра болып табылады және мәңгілікке сақталады деген сөздермен аяқталды.