Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Ақпан айының 21-і күні «Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің үйден әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшелерінде ата-аналар жиналысы өттіп, Орталық директоры  Рымжан Төлеуханқызы Тынысова сөз сөйлеп, әлеуметтік саланың 2023 жылдағы заңнамалардағы өзгерістерін айтып, «Әлеуметтік кодекс жобасына» тоқталып, жаңадан ашылған «Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» туралы да ақпараттар берді. Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырып жүрген өзекті сұрақтарға жауап алды.

Ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді. Белсенділік танытқан 8 аналарға сән салонынан сертификаттар табысталып, соңы кофе-брейкпен жалғасты. Ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдіріп, көңілді тарқасты.