14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні

14  ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні

«Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған «Ашық кітапхана – адал оқырман» атты кітап сыйлау акциясын өткізді.

Шара кітап сыйлау - тамаша халықтық дәстүр екені, оны жандандырып дамыту маңызды деген сөздермен ашылды.

Шараға кітапхананың тұрақты зейнеткер оқырмандары Шәріпханов Ермек, Бекетаев Далел, Фатхуллина Роза, Букаева Зейнеш қатысып, олар бұл мереке кітаптарды жақсы көретіндердің барлығын біріктіріп қана қоймай, басқа адамдардың оқуынада мүмкіндік беретінін, бұл күннің басты мақсаты кітаптың  сыйлық болып қала беретінін, технология ғасырында да өз құндылығын жоғалтпайтындығын айтып, кітапхана қорына кітаптар тарту етті.

Шара соңында Шақаман ауылындағы орта мектептің оқушылары сынып жетекшісі және ата-аналарымен бірге кітапханаға кітаптар сыйлап, жас өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.