
2021 жылдың 27 қазан айында «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ – нің үйден қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында аттестаттау жүргізілді.
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға үйден қызмет көрсететін заманауи әлеуметтік қызметкер теория мен тәжірибелік ғана емес, өз қызмет саласындағы әдістемелер мен жаңа технологияларды меңгеруге, бірқатар психологиялық құзіреттілікке, сондай – ақ әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың негіздерін білуі тиіс.
Аттестациялау барысында әлеуметтік қызметкерлер өз жұмыстарының функционалдық міндеттерін, Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық және заңнамалық негіздерін, кәсіби дайындықтарын жақсы көрсете отырып, тестілеуден өтті.
Тестілеу рәсімінен кейін аттестатау комиссиясының мүшелері әлеуметтік қызметкердің жанашырлық қабілетін көрсететін және сонымен бірге өз қамқорлығындағылардың мәселелерін нақты шешетін проблемалық жағдайларға қатысты сұрақтарды қоя отырып, әрбір әлеуметтік қызметкермен жеке сұхбат жүргізді.
Аттестация нәтижелері Орталықтың үйден қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлеріне өмірлік қиын жағдайдағы адамдардың игілігі үшін жұмыс істеуге және өз кәсіби біліктіліктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.