
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі «Град Проект KZ» ЖШС-мен бірлесіп «Абай облысы Семей қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасын әзірлеуді жүзеге асыруда.
Осыған орай қорытынды қоғамдық талқылау 2026 жылғы 6 қазанда сағат 10:00-де Мұхтар Әуезов даңғылы, 95 («Офицерлер үйі») мекенжайында өтетінін хабарлаймыз.