
Семей қаласында ABAY JASTAR FYTBOL LIGASY – 2026 чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлының қолдауымен өтті. Биыл чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жүлде қоры тағайындалды.
Екі лига аясында өткен тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар анықталды.
СУПЕР ЛИГА:
І орын – «BarQy»;
ІІ орын – «Барыс Жалюзи»;
ІІІ орын – «Достар».
Жеке номинациялар бойынша:
• Үздік қақпашы – Сеитов Арман («Достар»);
• Үздік қорғаушы – Амангельдинов Шерхан Серикович («Барыс Жалюзи»);
• Үздік шабуылшы – Аманжол Айдын («BarQy»);
• Үздік ойыншы – Будниченко Роман («BarQy»).
ЖОҒАРҒЫ ЛИГА:
І орын – «Спартак»;
ІІ орын – «ЦСКА»;
ІІІ орын – «МЧС».
Жеке номинациялар бойынша:
• Үздік қақпашы – Үмбет Мирас Жандарбекұлы;
• Үздік қорғаушы – Нұрғожин Бақытжан;
• Үздік шабуылшы – Иманғалиев Адилет Мейрамғалиұлы;
• Үздік ойыншы – Акрамов Думан Маратович.
Чемпионат жастар арасында футболды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және командалар арасындағы достық байланысты нығайтуға үлес қосты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!