Семейде қоян-қолтық ұрыстан «ARB SEMEY» сайысы өтті

Семейде қоян-қолтық ұрыстан «ARB SEMEY» сайысы өтті

Қала күніне орай Семейде қоян-қолтық ұрыстан «ARB SEMEY» сайысы өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден келген 40 спортшы қатысты.

Қатысушылар күш-қайраты мен ептілігін, төзімділігі мен шеберлігін сынға салды. Тартысты жекпе-жектер көрермендерге әсерлі сәттер сыйлап, қала мерекесінің көркін қыздырды.

Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттауға, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және елдер арасындағы достық байланысты нығайтуға ықпал етті.