
Қала күніне орай Арбат алаңында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы жәрмеңкені аралап, шеберлердің жұмыстарымен танысты.
Қолөнер шеберлері өз қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық нақыш пен шеберлік үйлескен туындылар мерекелік шараның сәнін келтіріп, халқымыздың қолөнер мұрасын паш етті.
Сонымен қатар орталық алаңда балалар арасында «Семейім – жүрегімнің төріндесің» атты қалалық өнер фестивалі өтті. Жас өнерпаздар өз таланттарын ортаға салып, туған қалаға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді.
Мерекелік іс-шаралар аясында кітап көрмесі де ұйымдастырылып, тұрғындар мен қала қонақтарына ұсынылды. Өнер мен руханият тоғысқан шаралар қала мерекесінің мазмұнын байытып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.