
Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Е. Тұрсын Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Семей қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы салық заңнамасының негізгі нормалары, салық міндеттемелерін орындау тәртібі және салық есептілігін ұсынуға қойылатын талаптар түсіндірілді.
Салық декларацияларын толтыру мәселелеріне, оларды ұсыну мерзімдері мен тәртібіне, сондай-ақ салық заңнамасын қолданудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Ашық диалог форматында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті түсініктемелер алды.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және салық міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.