
Қала күніне орай Семейде «Arbat Fest» фестивалі өтті. 1000-нан астам жас қатысқан мерекелік шара Арбатты әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге бөледі.
Фестиваль барысында әндер шырқалып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйланды. Жастардың басын қосқан өнер кеші туған қалаға деген сүйіспеншілікті, достық пен бірлікті дәріптейтін ортаға айналды. Сонымен қатар Арбатта қайырымдылық жәрменкесі ұйымдастырылды. Игі бастамаға атсалысқан жастар жанашырлық пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін көрсетіп, қала мерекесінің мазмұнын ізгі істермен толықтырды.
Іс-шара аясында қайырымдылық жәрменкесіне белсенді үлес қосқан үш университеттің студенттік көшбасшылары марапатталды. Бұл — жастардың қоғамдық өмірге белсене араласып, қайырымды бастамаларға ұйытқы болуына көрсетілген құрмет.
«Arbat Fest» өнер мен қайырымдылықты тоғыстырып, Қала күнінің ерекше сәттерінің біріне айналды.