
Сіздерді Семей қаласының күніне арналған ең жарқын спорттық іс-шаралардың бірі – «TUNGI RUN SEMEY-2026» түнгі марафонына қатысуға шақырамыз! Спорт пен салауатты өмір салтын серік еткен жандардың басын қосатын жүгіру мерекесіне қатысып, туған қаламыздың мерейлі күнін бірге атап өтейік!
Өтетін күні: 19 қыркүйек 2026 жыл
Басталу уақыты: 22:00
Старт орны: Әуежай алаңы
Бағыты: Әуежай алдындағы алаңнан Семей–Қарауыл тасжолы бойымен. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі жас санаты бойынша өткізіледі: • 40 жасқа дейін; • 40 жастан жоғары.
Жүлде қоры:
І орын — 100 000 теңге;
ІІ орын — 50 000 теңге;
ІІІ орын — 30 000 теңге. Сонымен қатар, мәреге алғашқы болып жеткен 50 қатысушыға арнайы естелік медальдар табысталады.
Старттық нөмірлер 17–19 қыркүйек аралығында сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін «Спартак» стадионында беріледі. 19 қыркүйек күні сағат 20:00-ден кейін тіркеу тоқтатылады.
Жарысқа қатысу үшін №027 нысанындағы медициналық анықтама міндетті. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес әрбір қатысушы өзімен бірге жеке фонарь алып жүруі қажет.
Қосымша ақпарат және тіркелу үшін: 8 707 967 97 24
Жарыс хатшысы: Екатерина Пешкова 8 708 537 18 22
Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын елжанды кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын жарыстың өтуіне өз үлестерін қосуда.
Түнгі жүгіруге қосылып, мерекелік көңіл күйді бірге сезініңіздер!