
Қала күніне арналған мерекелік апталық аясында 15 қыркүйек – «Семей – мейірімді қала» күні Биологиялық орталық тұрғындарға тегін қызмет көрсетті.
Бұл күні орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары жануарлар әлемін тамашалап, табиғаттың алуан түрлілігімен танысуға мүмкіндік алды. Отбасымен бірге келген келушілер үшін бұл күн қызықты әрі танымды демалысқа ұласты.
Мұндай іс-шаралар балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, жан-жануарларға қамқорлықпен қарауға баулиды. Сондай-ақ отбасылық демалысты мазмұнды өткізуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Семей – мейірімді қала» күні аясындағы игі бастама қала мерекесіне ерекше жылылық сыйлап, тұрғындардың бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік берді.