Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қала күніне арналған «TUNGI RUN SEMEY-2026» түнгі марафонына қатысуға шақырамыз! Спорт пен салауатты өмір салтын серік еткен жандардың басын қосатын жүгіру мерекесіне қатысып, туған қаламыздың мерейлі күнін бірге атап өтейік!

 Күні: 19 қыркүйек, 2026 жыл

 Басталуы: 22:00

 Старт: Әуежай алаңы

 Жүгіру бағыты: әуежай алдындағы алаңнан Семей–Қарауыл тасжолы бойымен.

Жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі жас санатында өтеді: • 40 жасқа дейін; • 40 жастан жоғары. Әр санаттағы жүлдегерлерге:

 І орын — 100 000 теңге;

 ІІ орын — 50 000 теңге;

 ІІІ орын — 30 000 теңге.

Мәреден өткен алғашқы 50 қатысушыға естелік медальдар табысталады.

Бас төреші — Мұхтаров Саяхат Мұхтарұлы.

Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін байланыс телефоны: 8 707 967 97 24.

Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын елжанды кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын жарыстың өтуіне өз үлестерін қосуда.

Түнгі жүгіруге қосылып, мерекелік көңіл күйді бірге сезініңіздер!