📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Семей қаласында автожол көпірін салу жобасын іске асыру аясында Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қаланың оң жағалау бөлігінде асфальт жабындысын төсеу бойынша қорытынды жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр.

❗️Осыған байланысты 2026 жылғы 2 қыркүйек сағат 22:00-ден бастап Шәкәрім даңғылының Шмидт көшесінен Абай көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Бұл ретте автожол көпірінен өткеннен кейін Шмидт көшесіне оңға бұрылу арқылы көлік қозғалысына мүмкіндік беріледі.

❗️3 қыркүйек күні сағат 10:00-де аталған учаскеде көлік қозғалысы екі бағытта да толық қалпына келтіріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерулеріңізді сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік пен сабырлық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!