Семей тұрғындары өз таңдауын жасауда

Семей тұрғындары өз таңдауын жасауда

Қала тұрғындары сайлау учаскелеріне таңғы уақыттан бастап келіп, дауыс беруге белсенді қатысуда. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

Құрылтай күні дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өз мекенжайы мен сайлау учаскесінің нөмірін анықтауға мүмкіндік беретін Call-орталық жұмыс істейді. Қажетті ақпаратты 56-50-42, 52-21-36 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Сонымен қатар сайлаушылар үшін Telegram-бот (@vote_abai_bot) қолжетімді. Аталған сервис арқылы азаматтар сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты тексере алады.

Қаладағы сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.