Семей қаласында сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады

Семей қаласында сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады

Бүгін Семей қаласында сайлау учаскелері штаттық режимде жұмысын бастады. Қала тұрғындары өз құқықтарын пайдаланып, дауыс беруге келуде.

Семей қаласында барлығы 128 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде аумақтық сайлау комиссиясы – 1, учаскелік сайлау комиссиялары – 127. Сайлаушылардың саны – 219 181 адам.

Барлық учаскелер қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары күшейтілген.