Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау үшін құжаттарды жолдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау үшін құжаттарды жолдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) мынадай құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • «Абай облысы Семей қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасын іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпарат қамтылған түсіндірме жазба;
  • «Абай облысы Семей қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша аумақтың сипаттамасы және қоршаған ортаға ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.

- СЭО материалдарын әзірлеуші: «Зеленый мост» ЖШС

- СЭО материалдарына тапсырыс беруші: «Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі

- СЭО әзірлеуге жауапты орган: Семей қаласының әкімдігі

- СЭО материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қоғамды (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. СЭО есебінде Семей қаласының ерекшеліктерін ескере отырып, қоршаған ортаның қандай аспектілері (мысалы, атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ, биоалуантүрлілік, климат, шу, ландшафт, мәдени мұра және т.б.) міндетті түрде қарастырылуы тиіс? Таңдауыңызды негіздеңіз.

  2. Бас жоспарға енгізілетін түзетулерді іске асыруға байланысты қоршаған ортаға ықтимал әсердің қандай түрлерін (тікелей, жанама, жиынтық, қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді, тұрақты/уақытша) елеулі деп санайсыз? Себептерін көрсетіңіз.

  3. Сіздің ойыңызша, СЭО есебінің қамту саласына енгізілуі тиіс әлеуметтік, экономикалық немесе өзге де аспектілер (мысалы, халықтың денсаулығы, өмір сүру сапасы, халықтың жекелеген топтарының осалдығы) бар ма?

  4. СЭО-ның кеңістіктік шекараларын айқындау кезінде қала аумағындағы немесе одан тыс орналасқан қандай аумақтарды (мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су қорғау аймақтары, ластану деңгейі жоғары аймақтар және т.б.) ескеру қажет?

  5. СЭО есебін дайындаудың кейінгі кезеңдеріне қатысты деректер көздері, бағалау әдістемелері және тартылуы тиіс мүдделі тараптар бойынша ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026–2041 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің мерзімі: 2026 жылғы 4 қыркүйекке дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 4 қыркүйек )

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail:

b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрліктің Кеңсесінің электрондық поштасына жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Құжаттарыңыздың Министрліктің Кеңсесіне келіп түскенін міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.

СЭО материалдары мына жерде орналастырылған:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында: «Қызмет» → «Негізгі құжаттар» → «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімдерінде.