
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жас буынның білімі мен қоғамдық белсенділігін арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Дюсембаев және белсенді жастар қатысты.
Кездесуде жастардың қоғамдық бастамаларға араласуы, волонтерлік қозғалыстың дамуы, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және жаңа идеяларды қолдау мәселелері талқыланды.

Басқосу барысында белсенді азаматтардың еңбегі еленіп, бірқатар жас қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ волонтерлік бағытта нәтижелі жұмыс атқарып жүрген үздік ұйымдарға марапаттар табысталды.
Іс-шара жастардың өзара тәжірибе алмасып, тың бастамаларымен бөлісуіне мүмкіндік берді. Қоғамдық өмірге белсенді араласқан әрбір жас – қаланың жарқын болашағына қосылған нақты үлес.