Қала әкімі шаһардағы тазалықты сынға алды

Қала әкімі шаһардағы тазалықты сынға алды

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы әкімдік отырысын өткізді. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, әкім инспекторлары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста қаладағы тазалық мәселесі кеңінен қаралды. Қала әкімі саябақтар мен гүлзарлардың, көшелер мен қоғамдық орындардың күтіміне қатысты бірқатар кемшіліктерді атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

🟢

Сондай-ақ тұрғын үйлердің сыртқы келбеті мен кәсіпкерлік нысандарының аумағын ретке келтіруді тұрақты назарда ұстау қажеттігін айтты. Шілде айында қабылданған абаттандыру қағидаларының талаптары толық сақталуы тиіс екенін ескертті.

Қала әкімі әкім инспекторларына өздеріне бекітілген аумақты күн сайын аралап, тазалық пен тәртіптің сақталуын қатаң бақылауды тапсырды. Анықталған кемшіліктерді дер кезінде жойып, жауапты мекемелердің жұмысын үйлестіруді жүктеді.

📍

Сонымен қатар қала аумағын таза әрі ұқыпты ұстау барлық жауапты мекемелердің ортақ міндеті екенін атап өтті.