
Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Еркебулан Сериккалиулы Турсын Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, қызметтік әдепті сақтау, еңбек және атқарушылық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әлеуметтік желілердегі жауапкершілік, лудоманияның алдын алу және азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды.
Аппарат басшысы мемлекеттік қызметтің басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екенін атап өтіп, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі, адалдығы, ашықтығы мен жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін қалыптастыратынын айтты.
Сонымен қатар, қызметкерлерге Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, еңбек тәртібін сақтау және тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, кәсіби біліктілікті тұрақты жетілдіру және халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту бағытында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.