
Абай көшесіндегі автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 20 шілдеден бастап №2 және №35 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.

Қала бағыты бойынша «Shygys Mall» аялдамасынан кейін автобустар келесі бағытпен қозғалады:
•Чайжүнісов көшесімен;
•оңға бұрылып Жұмабаев көшесіне;
•солға бұрылып Найманбаев көшесіне;
•оңға бұрылып Қ. Мұхамедханов көшесіне;
•әрі қарай қолданыстағы маршрут бойынша қозғалысын жалғастырады.
Кері бағытта қозғалыс дәл осы сызба бойынша ұйымдастырылады. Уақытша өзгерістер жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін қолданыста болады.
Тұрғындар мен қала қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!